Таиланд пен Камбоджа «Бейбітшілік келісіміне» қол қойды

0
36

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 26 қазанда Таиланд пен Камбоджа арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қоюға көмектесу үшін Малайзияға барды. Бұл туралы Малайзияның сыртқы істер министрі Мохамад Хасан мәлімдеді.

Хасанның айтуынша, Малайзия мен Америка Құрама Штаттары, Таиланд пен Камбоджа арасындағы атысты тоқтатуға ықпал етеді, бұл екі тарапты да өз шекараларынан барлық миналар мен ауыр артиллерияны алып тастауды талап етеді.

Таиланд пен Камбоджа премьер-министрлері Анутин Чанвиракун мен Хун Манет Куала-Лумпурда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммиті аясында Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың қатысуымен «бейбітшілік келісіміне» қол қойды.

Бұған дейін Ақпарат департаментінің бас директоры және Таиланд сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Никондет Фалангкун хабарлағандай, тараптар бейбітшілік келісіміне емес, қақтығысты бейбіт жолмен шешудің негізін қалауға арналған бірлескен декларацияға қол қойып жатыр.

Малайзия және басқа да Азия елдері Таиланд пен Камбоджа арасындағы атысты тоқтатуды бақылау үшін бақылаушыларын жібереді.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп бұл туралы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммиті аясында мәлімдеді, онда Камбоджа мен Таиланд үкімет басшылары Трамп пен Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің қатысуымен бірлескен декларацияға қол қойды.

«Бейбітшіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Малайзияны қоса алғанда, Азия елдерінен бақылаушылар жіберіледі. Көпшіліктің мүмкін емес деп санаған бейбітшілік келісімі миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады», — деп атап өтті Трамп. Ол сондай-ақ келісімнің бөлігі ретінде «18 камбоджа әскери тұтқыны босатылатынын» хабарлады.