Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

0
139

Синоптиктер еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 20 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, таулы аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ал Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.