Түркістан облысында мектеп директорлығына конкурс тікелей эфирде өтуде

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтің басшылығымен конкурстық комиссия тікелей эфирде білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының “әңгімелесу” кезеңін өткізді.
35 мекеме басшылығына 53 үміткер өтініш берген.
Ең бастысы — конкурс ашық өтуде. Әңгімелесу толықтай әлеуметтік желіге тікелей эфирде көрсетіліп жатыр (өзім таң қалдым). «СВОЙ», «ЧУЖОЙ» жоқ, комиссия мүшелері сұрақ қояды, үміткер шамасы келгенше жауап береді. Бәрі таза, ашық, — деп жазады комиссия мүшесі Ж.Ағыбаев (Түркістан телеарнасының директоры) өзінің фейсбук парақшасында.
Соңғы уақытта Түркістан облысының білім саласына байланысты теріс пікірлер көп айтылып жүргені баршамызға белгілі. Мұндай бастама білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты түбімен құртуға өз септігін тигізер деген ойдамыз.