Түркістанда облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.

0
163

Басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ҚХА хатшылығы- этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы Мадина Камеденова мен  облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев модераторлық етті. Өз кезегінде сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы Мадина Камеденова алдағы уақытта  Түркістанда  республикалық деңгейде медиаторлар форумын өткізу жайлы ұсынысын білдірді. Сондай-ақ кәсіби медиатор Жанат Таукеева этнос өкілдері тығыз орналасқан өңірлерде медиация әдісін кеңінен қолданып, татуылық пен бірлікті тұрақтандыру мақсатында өзара  тәжірибе алмасудың маңызы ерекше екендігін атап өтті.