Мақтаралдық ардагерлер қайырымдылық үлгісін көрсетті

0
158
15 ақпан күні — Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Осыған орай мақтааралдық ауған соғысы ардагерлері аз қамтамасыз етілен отбасыларға азық-түлік пен тәттілер таратып, мүгедектігі бар балаларды қуанышқа бөледі. «10 жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына 34 жыл болыпты. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен қиындығы мол өткенді естелік қылып, сол кездегі ана сүті аузынан кетпеген түбіт иек боздақтарымызды, бауырларымызды еске алар күн! Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлы күн! Сондықтан, біз аталған датаға орай қайырымдылық іс-шарасын жасауда жөн көрдік» — деді Ерғали Базарбаев.