«АРЫС» футбол клубы ел чемпионатынына қызу дайындық жүргізіп жатыр

0
137
Арыстықтар соңғы турда астаналық «Жеңіс» командасымен 3-3 есебімен тең түсті.
Тартысты ойында жерлестеріміз сапынан екі ойыншы төреші шешімімен ойыннан қуылса да, азулы қарсыласына лайықты ойын өрнегін көрсете білді. Гол авторлары: Ғани Сүлеймен, Думан Тұрсынбай, Жансерік Қалдыбай.
Бұған дейін, арыстық аяқдопшылар «Тараз» командасын тізе бүктіріп, «Елім-ай» командасына есе жіберген болатын.
Енді, «Арыс» футбол командасы 6 сәуірде жалауы желбірейтін Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының ойындарына қызу дайындықты бастап кетті.
Футболшыларымыз, турнирдің алғашқы ойынын «Хан-Тәңірі» командасына қарсы өткізеді.
Білікті бапкерлер мен футбол саласының мықты мамандары жаттықтыратын арыстық спортшыларға жаңа маусымда тек қана сәттілік тілейміз.