Түркістанда биыл 10 мыңға жуық жеке тұрғын үй сапалы жарықпен қамтылады

Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну — 48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде — 94,7%.
2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% арттыру көзделген.
Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда.
Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.