Астана күні ауысып, Тұңғыш президент күні тойланбауы мүмкін

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова 6 шілдеде тойланатын Елорда күнін өзгертуге болады деп отыр.
Бірақ ол қай күнге белгіленсе де, қала күні міндетті түрде тойлану керектігін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Елорда күні қажет. Ал 6 шілдеге келсек, ауыстыру жағын қарастыруға болады. Бұл — болашақтың ісі. Бәлкім, тарихи даталардың бірімен байланыстыру қажет шығар,

Ақмарал Әлназарова
Ол сонымен қатар Тұңғыш президент күнін тойлауға қатысты пікірін білдірді. Елімізде бұл мейрам 2012 жылдан бері 1 желтоқсанда тойланып жүр.
Бұл мәселе шешіледі. Мүмкін, өзгеріс қажет шығар. Жалпы алғанда, бұрынғы авторитарлық механизм осы күні маңызды болмай қалды,