Кореяға жұмысқа барған қазақтарды қазақ алдады

Қазақ қызы жұмыс тауып беретін қазақстандық агенттікке алданып, бөтен елде қаңғып қалды.
Оның жалақысын бермей, көшеге қаңғытып жіберген, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында болған. Қазақ қызы еліміздегі Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберетін компанияға ақша төлеп, Ульсан қаласына ұшқан. Кореяда қазақстандық компания тауып берген жұмысқа кіргенімен, жұмыс беруші кәріс әйел қыздың ақшасын төлемей, бір аптадан кейін қуып шыққан.
Менің Оңтүстік Кореяда ешқандай танысым жоқ. Жалғызсырап жүрмін,
Далада қалған қазақ қызы Tik-Tok әлеуметтік желісінде танымал Арысланбектен көмек сұрайды. Арысланбек — Кореяның Ульсан қаласындағы құрылыстардың бірінде жұмыс істеп, қызықты бейнежазбалар түсіріп, Кореядағы өмір туралы айтады.
Бұл алаяқтардың істеп отырған іс-әрекеттері. Оған сөзім жоқ. Бір Алланың қолына тапсырамын. Жау шеттен келмейді, жау — өз арамызда, тек өз қандастарымыз, өз қазақтарымыз бірін-бірі алдайды,
Арысланбек Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу үшін ешқандай да агенттікке сенбеуге шақырады. Ол алданған қазақ қызына жаңа жұмыс тауып беріп, тіпті пәтер жалдауға көмектесті.