Тимур Құлыбаев мұнай компаниясын мемлекетке қайтаратын болды

0
196

  Еліміздегі мультимиллионердің көшін бастап тұрған Тимур Құлыбаев мұнай саласындағы Petrosun ЖШС компаниясының 49 пайыз акциясын мемлекетке қайтаратын болды.

Бұл туралы ақпаратты бүгін Reuters агенттігі ҚР бірінші вице-премьері Роман Склярға сілтеме жасап таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Скляр Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбаевтың шешіміне қатысты пікір білдірмеді. Ал Тимур Құлыбаевтың өзімен байланысу мүмкін болмады,

— делінген хабарламада.

Бұған дейін журналист Денис Кривошеев Тимур Құлыбаевтың компания акциясын мемлекетке 1 теңгеге сататынын айтқан.

Айтпақшы, Petrosun акцияларының 51 пайызы қытайлық SNPS компаниясына тиесілі. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы жанар-жағармайдың көтерме сауда нарығының тең жартысын алып отыр.

Сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының 29 пайыз акциясын мемлекетке қайтарған еді.