«Өтірік патриот!» Ринат Зайытовты танымал актер оңдырмай сынады

Қалың көпшілікке «Әзіл әлемі» театрындағы «Шімән апа» образымен танылған Ерболат Төлегеновтің әлеуметтік желіге жариялаған Ринат Зайытов туралы сыни пікірі қазнетте қызу талқыланып жатыр.
Ол кезекті жазбасының бірінде танымал айтыскер ақынға қатты тіл тигізген, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүгінде Ерболат Төлегенов Instagram-да өте белсенді. Ол кезекті салтанатты кештердің бірінде ән салған видеосын желіге жүктеген. Артық салмақтан арылған өнер иесін кейбір оқырмандары танымай қалса, енді бірі таңданысын жасыра алмай жатыр. «Әзіл әлемі» театрындағы актердің болмысындағы өзгерісті бірден байқаған жұрт оны танымал ақын Ринат Зайытовқа ұқсатқан.
Денсаулығың қалай, Ереке? Бәрі дұрыс па? Ринат Зайытовтан айнымай қалыпсың,
Желі қолданушысының бұл сұрағы актерге жақпай қалса керек, Ерболат бірден Ринат Зайытов туралы жағымсыз жазба қалдырды.
Дәл соған ұқсатпай-ақ қойшы, өтініш. Оған ұқсағым келмейді. Өтірік патриот болғым келмейді,

Ерболат Төлегеновтің айтыскер ақын жайлы жазған кереғар пікірі көптің ашуын тудырды. Оқырмандар Ринат Зайытовты жақтап, актерді сынап тастаған.
Өтірік патриотшылдығына сенімдісің бе? Өзіңдей қазақтың жігіті бір пікірмен-ақ Ринаттай азаматты жер қылып отырғаны ұят екен. Қандай болмасын бәрі жігітше болу керек. Ел алдында жүрген жігіттер бір-бірін осылай жамандап отырса басқасын қайдам…
