
Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды деген ақпарат тарады.
Бірақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.
Әзірге мұндай ақпарат жоқ. Егер ресми жаңалық болса, парақшаларымыз арқылы хабарлаймыз,
Ал желіде бейсенбі күні Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйіне жеткен кезде антикор қызметкерлері бірден тергеуге алып кеткені жазылған.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түспегенін айтты.
Ұлттық музейдің басшысы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.