«Ұшақ дайын, сау болыңыз». Жазушы Мәсімовтің Тоқаевқа айтқан соңғы сөзін айтты

0
232

Жазушы Смағұл Елубай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз аузынан естіген сырымен бөлісті.

Онда қаңтар оқиғасы тұсында Кәрім Мәсімовтің Президентке айтқан соңғы сөзіне тоқталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Смағұл Елубай қаңтар оқиғасы тұсында Мәсімовтің Президентке айтқан әңгімесін «Сұрауы бар» бағдарламасында жайып салды. Онда осыдан 45 күн бұрын Мемлекет басшысымен кездесуде бұл жағдайды Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз аузынан естігеніне тоқталады.

«Қаңтар оқиғасы тұсында ол кісіге Мәсімов бастаған бір топ шен шекпенді келіп, ана жақта ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз деген ғой. Президент ертесінде қауіпсіздік кеңесін қолға алды. Оны алудың процедурасы көп еді, бірақ оған қарамады да бірден жарлық, қаулы шығарды да билікті қолға алып, сол Мәсімовті отырғызды. Қасындағыларды да отырғызды. Әлі де отырғызу жалғасып жатыр», — дейді жазушы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Президенттің сол уақытта сендер көпсіңдер, мен жалғызбын деп кеткен жағдайда, еліне жасаған сатқындық болатынына ерекше мән бергенін де айтқан.

Ол кісі ерлік жасады деп білемін. Маған менің Президенттік және перзенттік парызым осылай болды. Мен басқаша шешім қабылдай алмадым. Биліктен мен кетсем шашырап кететін еді Қазақстан деді. Шынымен, солай болатын еді,

— дейді Смағұл Елубай.

Тіпті дәл осындай күн туса Қазақстан 3 күннің ішінде бөлшектеніп кетер еді дегенге де тоқталған.

Тәжікстандағы азамат соғысы ол кезде далада қалатын еді. Өйткені Қазақстан үлкен мемлекет қой. Бірден сеператизм бас көтеріп, азаматтық соғысқа ұласар еді. Қаңтар оқиғасы ойыншық болып қалатын еді. Бәріміз көшеге шығып, қазақтар бір-бірін қырар еді,

— деп қорытындылаған сөзін.