Түркістанда алғаш рет «Қайсар жандар» атты шара өтті

0
135
Бүгін Түркістан қаласында қала әкімдігінің қолдауымен «Қайсар жандар» атты іс-шара өтті. Шара ерекше қажеттілігі бар азаматтардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Жиынға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Досыбай Шерменқұлов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, «Шапағат» мотивация орталығының директоры Еркінбай Керімбайұлы және басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Басқосуда ерекше қажеттілігі бар жандардың қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды. Сондай-ақ, «Сауран» параолимпиада спорт клубының мүшелері көрермендерге үстел теннисі, жүзу, армрестлингтен мастер класс өткізді. Сонымен қатар, жиын шығармашылық додаларда Түркістанды танытып жүрген ерекше қажеттілігі бар жандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Шара соңында ұйымдастырушылар аталған жобаның жүйелі түрде өткізілетінін айтты. Жалпы, Түркістанның атын асқақтатып жүрген ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жеңістері жетерлік. Атап айтқанда, ҚР чемпионатында түркістандық Елдос Жәнібек пара таеквондодан 2-орын, Фарида Гаюпова пауэлифтингтен 1-орын, дойбыдан Берік Тұрманов 1-орын, дәл сол бәйгеде түркістандық Қуанышбек Жумадуллаев шахматтан 2-орын, дойбыдан Зарина Мықтыбай 2-орынды иеленген болатын.
Одан бөлек, Сүйеніш Еркінов ҚР Паралимпиада ойындарында дзюдодан 3-орынды иемденді. Сондай-ақ, Азия чемпионатында Оңалбек Бағланбек дзюдодан 1-орын, Қуандық Шадияр сурдо дзюдодан 1-орынды жеңіп алған болатын.