1 мың оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары табыс етілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған акция аясында аз қамтылған отбасылардың 1 мың баласына мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тапсырылды.
—Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің 5 бағытының бірі — қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Соған сәйкес Шымкент қаласындағы барлық мешіттер біріге отырып осылай 1 мың оқушыға қолдау көрсетіп отырмыз. Артымыздан ілесіп келе жатқан жас ұрпақ білімді болса, олар ертең ел мен жерге, асыл дініміз Исламға қызмет етеді. Солар атқаратын сауапты, игі істерге үлесіміз болсын деген ізгі ниетпен осындай шараны ұйымдастырдық, — дейді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абрахманов.
Сонымен қатар бүгін Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық құран сайысына Шымкент қаласы бойынша іріктеу өтті.