Шымкентте жастар саясаты мәселелеріне арналған өңірлік Азаматтық форум өтуде

0
193
Бүгін Шымкент қаласында «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік Азаматтық форум өтіп жатыр. Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева және Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты.
–Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыруға ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Оның бірі дәлелі ретінде қалада 550-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркеліп жұмыс істеп жатқанын айтуға болады, – деді форумның ашылуында сөз алған қала әкімі М.Әйтенов.
Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы мен нығаюына берік заңнамалық негіз қаланып жатқанын атап өтті.