Биыл Кемел Тоқаевтың туғанына — 100 жыл

Бүгін Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты №7 бөлімшесінің бірлесе ұйымдастыруымен жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай жастар арасында «Ұлттың ұлы тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кемел Тоқаев — жазушы, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі және Қазақ КСРО Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Дөңгелек үстел барысында Шымкент университетінің жастары Кемел Тоқаевтың өмірбаянымен танысып, шығармаларын оқыды.