Түркістандық тракторларға сұраныс жоғары

Түркістан облысы Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. 2021 жылдан бастап қытайлық компаниямен бірлесіп, қосалқы бөлшек алып трактор құрастырумен айналысатын өндіріс орны бүгінде ауыл шаруашылығы саласында танылып үлгерген.
«KAZKIOTI» ЖШС қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде.
Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 600 дана трактор құрастырады. Аталған компания өнімін аламын деушілерге көрсетілер мемлекеттік қолдау да бар. Яғни, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі.
Заман талабына сай құрастырылып жатқан тракторлар шаруалар үшін таптырмас көлік. Көктем, жаз және күз айларында жұмысы қыза түсетін ауыл шаруашылығы саласының мамандары үшін трактордың дыбыс оқшаулау жүйесі, жайлы орындығы мен желдеткіші бар.