Қ.А.Ясауи кесенесі әлемдегі Топ-100-ке енді

0
83

 

 

Бүкіл түркі жұртының рухани астанасы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бүкіл әлемнің назарын аударып отырғаны белгілі. Шетелдік журналистердің негізгі нысанасына айналған рухани орталық жуырда тағы да бір тілшінің қалам тербеуіне түрткі болды. Одан бөлек, фотографтардың да қайта қайта оралар сүйікті мекеніне айналып отыр. Жуырда Испанияның ең танымал газеттерінің бірі «El País» газетінде американдық фотограф Мартин Грейдің әлемдік мистикалық жерлерді іздеудегі 40 жылдық саяхатына негізделген «Secret Sacred Sites» кітабы туралы мақала жарық көрді. Оның әлем бойынша таңғажайып 100 жерді сипаттайтын жаңа кітабы саяхатшылар мен жұмбақ іздеушілер үшін нағыз шабыт көзі болып отыр. М.Грэй ұсынған орындардың ішінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ерекше орын алады. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстаннан бірінші болып енген бұл кесене киелі өнер мен руханияттың символы деп бағалануда. Әрі шетелдіктердің Түркістанға ағылуына да түрткі болары сөзсіз.

Американдық фотограф Мартин Грей: «1389 жылы Темірлан салдырған кесене 12 ғасырдағы бұрынғы кесененің орнын толтыруға арналған аяқталмаған ғимарат. Бұл орын — Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келетін діндарлар үшін әйгілі түркі ақыны және сопы мистигінің мұрасын зерттеу үшін зиярат орталығына айналған. Менің кітабым нұсқаулық емес, керісінше киелі жерлерді іздейтіндерге шабыт көзі деп бағалаймын. Саяхатшыларға алдымен елді таңдап, сосын кітаптан зиярат ететін киелі жерлерді іздеуге кеңес беремін».

 

1976 жылы негізі қаланған El País Франциско Франконың Франко режимі құлағаннан кейінгі алғашқы демократиялық басылым болды. Газет Испанияда тоталитарлық режимнен демократияға өту кезеңінде маңызды ақпараттық рөл атқарды. 1980 жылдары ол мемлекеттен тұрақты қаржылық қолдау алды. Газет жетістіктері үшін 1983 жылы Астурия ханшайымы сыйлығымен марапатталды, ал 1986 жылы Испаниядағы тәуелсіздік пен сөз бостандығы принциптерін дамытуға қосқан үлесі үшін Америка Рузвельт институтының бірнеше марапаттарын алды.

El País 1990 жылдардың ортасында El País цифрлық электронды басылымымен желіге шыққан екінші испандық газет (каталондық Авуиден кейін) болды. Газеттердің алдыңғы нұсқаларының мұрағаты жазылу кезінде желідегі оқырмандарға қолжетімді. Бүгінгі күні газет испан тілі негізгі және екінші маңызды тіл болып табылатын барлық испан тілді және Латын Америкасы елдеріндегі оқиғаларды қамтиды: бұл Испания, АҚШ, Мексика және Латын Америкасы елдері. Газеттің электронды нұсқасы ағылшын, еуропалық испан, бразилиялық португал және каталан тілдерінде де қол жетімді (тиісінше, бұл нұсқалардың мазмұны да түпнұсқадан ішінара ерекшеленеді).

 

El País үнемі басқа испандық Marca газетімен таралымдағы көшбасшылық үшін жарысады, бірақ соңғысы спортқа арналған.

«El País» газетінде жарық көрген мақала мен Мартин Грейдің кітабы жаһандық мәдени мұраларымыз тек өткенді ғана еске салмай, бізді шабыттандыратын теңдесіз қайнаркөз екенін еске салады. Грейдің айтуынша, біздің ортақ мәдени және рухани мұрамызды түсінудің кілті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты жерлерде жатыр. Сондықтан да әлемнің әр түкпіріндегі саяхатшыларды Түркістанды бір келіп көруді ұсынады. Бұл өз кезегінде шетелдік туристердің елге ағылуна септігін тигізері сөзсіз.