Көне Сауран туралы сыр

Тарих беттерін парақтасақ қазіргі Сауран ауданың орталығы Шорнақ ауылы,1939 жылдың 16 қазанында,Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Жарлығы бойынша Түркістан ауданынан бөлектеу есебінен Фрунзе ауданы мен Шорнақ селосы құрылды.Бабайқорған,Шорнақ,Бозбұтақ,Қандоз,Сауран,Теке,Шертауыл кеңестері шаруашылықтарын өзіне қаратты.Н.С.Хрущевтің аудандар мен шаруашылықтарды ірілендіру саясатына байланысты 1956 жылдың екінші жартысында қысқартып,оны Түркістанға қосып жіберді.Нағыз аңызға толы аймақ.Қазақ тарихы үшін маңызды,қастерлі орындар мұнда көп солардың бірі Сауран қалашығы.Бүгінде қираған көне шаһар қабырғаларының қалдықтары Түркістан қаласынан батысқа қарай 45 шақырым.Сауранның іргетасының қаланғанына XII ғасыр болды.Сауран қазақ тарихы үшін өте маңызды болғандықтан бұл жерді түрлендіру аса маңызды.Сауран қалашығы аудан мәртебесін алды. 2018 жылы президенттің жарлығымен Түркістан облысы құрылған еді.Бұл шешім тарихи Түркістанның статусын көтеруге және екі қалағада жаңаруға мүмкіндік берді.Ал 2021 жылы президент Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы Түркістанның аумақтық құрылысын өзгерту туралы жарлыққа қол қойып жаңадан Сауран ауданы құрылды. Мұндағы тарихи мұра обьектілерін дамыту мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр.
Тарихи Сауран сан қырлы,
Түрленіп қайта сән құрды.
Қорғандарына жан бітіп,
Қамалдарына қан жүрді.
Жаңа бір аудан құрылып,
Сауранның аты жаңғырды.
Жаңадан құрылған Сауран ауданының орталығы болып,Шорнақ елді мекені бекітілді.Бүгінгі таңда Шорнақ елді мекенің өркендетіп дамытуда.Мемлекет басшысы атап өткендей,біз ең алдымен,еліміздің көпұлттық және көптілдік сияқты басты құндылықтары мен басымдылықтарын сақтап қалуымыз қажет.Тілдік ортаны қалыптастыруда әсіресе тәрбие беруді,патротизмді,адамгершілік пен азаматтық қағидаттарын насихаттауға ерекше көңіл бөлуіміз керек.
«Т.Айтжанов» атындағы жалпы орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Сұлтанбай Ақкөркем
Жетекшісі: Айтимбетова Фариза