Күрестен облыс чемпионаты басталды

0
75

 

 

Түркістан облысына қарасты Сайрамда қыздар арасындағы күрестен облыс чемпионаты басталды. Аталған жарыста 84 балуан бақ сынамақ. Осылайша өзара мықтыны анықтайды. Бағы жанып, жұлдызы жарқырып, Жеңіске жеткендер сәуір айында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайды.

Сайрам ауданында жастар мен жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты басталды. Бәсекеге Түркістан өңірінен жалпы саны 10 команда қатысып, 84 спортшы боз кілемде бақ сынамақ.

Әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов: «Әйелдер күресі облыс болып құрылғалы бері 2-ші рет өтіп отыр. Алдыңғы жылға қарағанда, биыл қатысушылар көп. Мұндағы басты мақсат жастар және жасөспірімдер арасында облыстың құрама командасын іріктеп, ҚР чемпионатына команда жасақтап алу», -дейді.

Айта кетейік, ақпан айында елордасы Астанада күрес түрлерінен елішілік дода өтеді. Жаттықтырушылар Олимпиадаға лицензия алуға мүмкіндік болатын бұл бәсекеге дайындық қызу дейді. Бұған түркістандық балуандар әзірден ақ дайындыққа кірісіп кеткен. Жеңіске жеткендер осы додада бақ сынайтын болады.

Әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов: «Олимпиада алдындағы шешуші сайыс бұл – ҚР чемпионаты. Барлық өңірдегі командалар жақсы дайындықпен келеді. Өйткені бұл лицензия алу үшін өтетін чемпионат. 59 кг Мадина Аман, 57 кг Шұғыла Өмірбек, 53 кг Аяжан Мақашев бабында тұр. Сол қыздарымыздан нәтиже күтеміз» ,- дейді.

Ал, бүгінгі сайыстан бірінші және екінші орын алған балуандар сәуір айында Петропавлда өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайды. Түркістанның туын көтерген сайыпқырандар ол жарыста да қанжығасы майланары сөзсіз. Олардың алтынннан алқа тағады деген үміт басым. Одан ары әлемдік додада да топ жарады деген сенім бар.