Әдеби аялдама болып өтті

Биыл жазушы Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойына байланысты Түркістан облысындағы барлық аудандарда мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күні бүгін Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, «Түркістанның таңдаулы туындысы-2024», облыстық акциясы аясында бір топ ақын-жазушылармен кездесу өтті. Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойына байланысты Түркістан облысының барлық аудандарында мәдени шаралардың ұйымдастырылып жатқаны тамаша. Мұндай бастамалар маңызды даталар мен көрнекті тұлғалардың облыс мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін атап өтуге көмектеседі.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын-жазушылар тобымен кездесу – талантты авторлар мен әдебиет сүйер қауымды Бердібек Соқпақбаев шығармашылығын талқылауға және түсінуге біріктіретін қызықты шара. Мұндай кездесулер пікір алмасуды жеңілдетіп, жаңа әдеби жаңалықтарға шабыт беріп, өлкенің әдебиеті мен мәдениеті әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Бердібек Соқпақбаев шығармашылығын кеңінен насихаттауда «Түркістан таңдамалы шығармалары-2024» облыстық шарасының да маңызы зор. Бұл оқырмандар мен әдебиет сүйер қауымға оның шығармаларымен танысып, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы білуге мүмкіндік береді.
Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойына байланысты барлық мәдени шаралар сәтті өтіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға, әдебиетке деген қызығушылығын оятып, қазақ әдебиетінің дәстүрін сақтауға және жалғастыруға ықпал етеді деген сенім зор.
Осы шара барысында ақын, аудармашы, журналист, «Алаш» сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлы мен ақын, журналист Мұрат Бекейдің, «Бір қала — бір кітап» акциясы аясында қарымды қаламгер, сатирик, ақын Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Төреқұлдың шығармаларының таңдалынып алуына орай «Жыл кітаптарын бірге оқиық!» атты əдеби аялдама болып өтті.
Аталмыш акциялардың мақсаты — ұлттық əдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны ел болып, облыс, қала көлемінде оқу жəне насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай -ақ, жастарды отаншылдыққа, əрі өнегелікке тəрбиелеу. Акция қоғамның отандық əдебиетке, онығ ішінде классикаға, қазіргі əдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын əрі қарай жоғарылауына мүмкіндік туғызады.
Шараға Қазастан Республикасының Мəдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Шəмші Қалдаяқов атындағы республикалық байқауының тұңғыш лауреаты, əнші- композитор Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы, Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, Түркістан қалалық ардагерлер мүшелері Кеңес Мəрсəлі, Хамза Фəйзіұлы, Қуанышбаев Өтепберген, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Малдыбекова Күлзада Жұмағұлқызы, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы мен №20 Расул Исетов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі жəне əдебмкт пəнінің мұғалімі Досыбекова Айжан қатысты.
Шарада №20 Расул Исетов атындағы жалпы орта мектебінің мектеп оқушылары Камилжанова Арзу, Салтанаева Адина, Журахан Гуласал, Махсутханова Асел » жазушы Бердібек Соқпақбаевтың » Менің атым Қожа» повесінен көрініс көрсетсе, Түркістан қолөнер колледжінің студенттері Алиханова Динара » ақын Нармахан Бегалыұлының «Ұлыма», Бабаханова Хузира ақын Мұрат Бекейдің «Биікті аңсау», Кубанбаева Динара «Түркістаным», Абдуллаева Мафтуна «Яссауи шырағы» ақын, сатирик Ахмет Төреқұлдың жыр шумақтарын мəнерлеп, жатқа айтып берсе, мəдениет үйінің əншілері патриоттық əндерін тамылжыта орындап берді. Аталмыш мәдени шараға бәрі де біркісідей атсалысты. Алдағы уақытта ұлы тұлғаларды ұлықтайтын осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.