Ертегілер еліне саяхат жасады

0
123

 

 

Жастайынан қазақтың ертегілерін тыңдап өскен бала уызына жарып, кейіннен батырлар жырын жаттап, қазақтың бай әдебиетіне қанығып өсері анық. Сол үшін де бүгінде Түркістан облысындағы барлық аудандардағы бала бақшаларда ертегілер елінде тақылеттес мәдени іс шаралар көптеп өткізілуде. Бұл өз кезегінде кішкентай балалардың қазатың ауыз әдбеиетіне, ертегілерге деген қызығушылығын оятып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыруға себеп болары анық.  Ертегі — қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім -тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих — тағлымы, салт — санасы, дәстүр ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр екені белгілі. Егеменді елімізде бір ананың егіз емген балапандарындай өркендеп өсіп келе жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың өскелең ұрпақтары да өзара етене жақын өсулері үшін осы бір тәлімді тәмсілдерден сусындап, бір — бірінің тарихы мен тағлымын, салты мен дәстүрін осы ертегілерден оқып, тұшына білгені абзал. Осыған орай атаулы мәдени іс шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Түркістан облыстық орталық кітапханаға Ер Төстік балабақшаларының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері келіп ақ жаулықты әжелердің «Бауырсақ» және «Күлше қыз» ертегілерін тыңдап, теледидардан қазақ ертегілерін тамашалап кетті. Көпті көрген көнекез қариялар қазақ ертегілерін нәшіне келтіре баяндап, балалардың қабылдау деңгейіне сай етіп орындап берді. Балалар аталған ертегілерді қызыға тыңдады. Сонымен қатар, қазақ ертегілері желісінде түсірілген мультфильмдерді қызыға тамашалады.