Ұлттық спортты дамыту басты назарда

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері, аула клубы» коммуналдық мемлекетік мекемесінің ұжымы ұлттық ойындарды насихаттауда асығы алшы. Ұжым ұдайы түрде ұлттық ойындардан түрлі жарыстар, байқаулар ұйымдастырып тұрады. Жуырда аталмыш мекеменің нұсқаушыларымен бірге Түркістан облысының Білім басқармасының «Абай атындағы «Білім Инновация» ер балалар лицей интернат коммуналдық мемлекттік мекемесінде кәмелетке толмаған оқушыларға ұлттық спортты ауылдық жерлерге насихаттау мақсатында ойындар ұйымдастырды. Оның ішінде Ұлттық спорт нұсқаушылары асық ату, арқан тартыс, ләнгі тебу сынды ойын түрлеріне түсіндірме ережелерін жүргізіліп, ойындар ойнатылды. Бүгінде ұялы телефонға үңіліп өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Ұлттық ойындар мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жастар мен жас жеткіншіктер арасында бұқаралық дене тәрбиесі құралы ретінде пайдалану, ұлттық ойындарымызды сақтау, насихаттау, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын таратуға септігін тигізеді. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.
Бұл Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек өнері, аула клубы» КММ нұсқаушылары мен ұлттық спорт түрлері бойынша нұсқаушыларының тамаша бастамасы. «Білім инновация» ұл балаларға арналған мемлекеттік мектеп-интернатының кәмелетке толмаған оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау – жастар арасында спорт мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадам.
Түсіндірме ережелері бар ойындарды ұйымдастыру, мысалы, ату, арқан тартыс, ләңгі тебу және т.б. оқушылардың ұлттық спорт түрлерімен танысуына, олардың дене және спорттық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл ойындар күш, төзімділік, үйлестіру және топтық жұмысты дамытуға көмектеседі.
Мұндай шаралар ұлттық спорт түрлерімен байланысты рухани-мәдени құндылықтарды нығайтуға да септігін тигізеді. Олар өз ұлтының салт-дәстүрі мен мұрасын сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізуге атсалысады.
Осы ойындарды өткізу жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ олардың физикалық және рухани дамуына үлес қосары сөзсіз.
Ұлттық спортты дамыту арқылы бұқараның көптеп спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына ықпал жасау. Болашақтағы қазақ ұлттық спорты танымалдығын арттырып, мәртебесін жоғарылатуда спорт мектептері мен үйірмелерінің жаттығу сабақтарын жүргізу мен болашақ спортшыларды дайындаудың ауылдық, облыстық жарыстарды үйымдастырудың маңыздылығын өте зор. Қазақтың ұлттық ойындарының жас жеткіншектерге тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын- сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады.
Қазақтың ұлттық ойындары мәдени- патриоттық тәрбие беруде ұтымды құрал екендігін дәлелдеп отыр. Осы орайда аталмыш мекеме көптеген ауқымды жұмыстар атқарып келееді. Алдағы уақытта Түркістан облысының өзге аудандарында да осы бағыттағы жарыстарды ұйымдастыру жоспарларында бар.