«Ағын ойлар бойымда тоқтамасын»

Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында белгілі қаламгер, ақын, Жазушылар Одағының Мүшесі Тұрды Әлсейіт ағамыз қонақта болды. Кездесу барысында ақынның жаңа жыр жинағы «Ағын ой» кітабындағы өлеңдері оқылып, кітапхана қорына сыйға тартты.
Белгілі жазушы, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Тұрды Әлсейіттің Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында қонақта болып, тамаша кездесу өтті. Осындай талантты, танылған автормен кездесу кітапхана мен оның келушілері үшін құнды оқиға.
«Ағын ой» атты жаңа жыр жинағынан жырларды оқып, кітапхана қорына тарту ету Тұрды Әлсейіт шығармаларының әдеби мұрасы мен қалың оқырманға қолжетімді болуына қосылған маңызды үлес болып табылады. Бұл кітапхана оқырмандарына оның шығармашылығымен танысып, поэзиясынан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Жазушылармен, ақындармен кездесулер кітапхана оқырмандарына сүйікті авторларының жаңа туындыларымен танысып қана қоймай, пікір алмасуға, әдеби тақырыптарды талқылауға, өзіндік шығармашылық шабыттандыруға мүмкіндік береді. Олар да өңірдегі мәдени орта мен әдеби ортаның дамуына өз үлестерін қосуда.
Кітапханалар өз оқырмандарына жаңа әдеби туындыларды ұсынып, оларды оқуға, шығармашылыққа баулу үшін жазушылар мен ақындармен мұндай кездесулер, ынтымақтастықтар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенем басым. Тұрды ағамыз Мырзашөл өлкесінің жұртшылығы жақсы білетін қадірменді қария, абыройлы ақсақал.
Ақынның бұдан бұрын төрт-бес жыр топтамаға өлеңдері енген.»Жетісай әуендері»,»Теңіздің дәмі тамшыдан»,Жеті серінің жазғаны», «Жыр додасы» деп аталған ұжымдық жинақ кітаптарында өлеңдері жарық көрген.Сондай ақ Тұрды Әлсейіт «Ой иірімдері», «Шуақты жыр», «Жүрегімді тыңда», деп аталған жеке жыр жинақтары мен «Ауылымның адамдары» атауымен прозалық кітабында оқырмандарына тарту еткен.
Тұрды Әлсейіттің жаңа жыр жинағынан оқырман жүрегінен орын аларлықтай өлеңдерді кездестірдік.
Ақын өлеңдерінде көрген білгенін, ортасындағы игі істер мен ауылдастарының абзал қасиеттерін ,туған жері мен еліміздің көрікті табиғатын, адам еңбегімен елге сыйлы болған аға- інілеріне арнау өлеңдерін бағыштайды.
«Өлеңім мен өмірім егіз ұғым», деген өлең шумағында ақынның өнерге деген адалдығын, өлеңін өз өмірімен тығыз байланыста екенінің дәлелі.
Әлі де ағын ойым
тоқтамасын,
Бұл өмір қызық емес
тоқтағасын.
Артың да ізің қалса
жүрген жолдан,
Жағасың туыс емес жатқа
да шын.
Ағын ойлар бойымда
тоқтамасын,
деген өлең жолдарынан өмірге деген құштарлығын, әлі де жазарының таусылмасы байқалады.
Демек Тұрды ақыннан алдағы уақытта да әралуан тақырыптарда оқырмандары жақсы өлеңдер күтеді. Өңірге белгілі өнерлі адамдармен кездесу өткізу дәстүрі жалғасын табатын болады.