Мәдени шаралар легі жалғасады

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында биыл яғни, 2024 жылға жоспарланған мәдени шаралар басталлып та кетті. Аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі 2024 жылы аталып өтілетін мерейтой иелеріне арналған «Өнер өріндегі өр тұлғалар» атты кеңейтілген кітап көрмесі өткізілді.
Кітап көрмелері бірнеше бөлімдерден құралады. Олар: «Бір ел-бір кітап» 2024 республикалық акциясына таңдалған қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жылдығына арналған «Берен талант Бердібек», Облыстық мәдениет және туризм басқармасының бастамасымен, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалы және «Фараб» кітапханасының ұйғаруымен «Түркістанның таңдаулы туындысына» Ордабасы ауданының Құрметті азаматы ақын, жазушы, журналист, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлына арналған «Нармахан-поэзияның Сүгірі» және Сарыағаш ауданының тумасы Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағының мүшесі ақын, журналист Мұрат Бекейге «Сырлы сөзді, өресі биік ақын» кітап көрмелері жасалды. Сонымен қатар, мерейгер өлке әдебиетінде: «Ақсүмбенің ақсұңқары» Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл, «Сырлы саздың шебері» Қазақстан республикасының өнер қайраткері Жаппас Қаламбаевтың туғанына 115 жыл, «Кеудесінен күміс жыры төгілген» Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Сағынтай Байділдаевтың туғанына 80 жыл, «Созақтың Шәмшісі» әнші, сазгер Созақ аудандық халық театрының ардагері Әділбек Нысанбаевтың туғанына 70 жыл, Созақтан ұшқан саз ғұмыр» Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров 65 жаста, «Тағдырымды жырларыма сыйғыздым»… ақын, драматург, педагог, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Байділда Айдарбеков 65 жаста, «Қаламы қарымды қаламгер» Жазушы, педагог ҚР Журналистер Одағының мүшесі Камилжан Рысметов 65 жаста, «Өнермен өрілген ғұмыр» Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жазушы, журналист Мақсат Қарғабай 55 жаста, «Әнге ынтық жүректердің Жұбанышы» ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Жұбаныш Жексенұлы 50 жаста, «Созақтың Саясы» Драматург, режиссер, ҚР Мәдениет қайраткері Сая Қасымбек 60 жаста, «Сөз маржан Мергенбай» Ақын, ұстаз Мергенбай Салықбайұлы 75 жаста атты мәдени шаралар легі жалғастырады. Рухани әлемнің жаңалықтарын оқырмандарға жеткізу аясында кітап көрмелерінің ашылу салтанатына шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар, қаламгерлер зиялы қауым өкілдері қатысып, жылдың айшықты күнтізбектерімен танысып хабардар болып, оқырмандар мерейгерлердің өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әндер айтылып, «Ақ әжелер» хор ұжымы әсем әндерін жолдады. Бағдарламада: «Өнер өріндегі өр тұлғалар» — жылдық кітап көресіне шолу, «Балалық бейнеміздің белгісі»- Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен көрініс, «Нармахан поэзияның Сүгірі», «Сырлы сөздің, өрісі биік ақын» -жыр сәті.
Шара соңында кітапханашылар жыл кітаптарын бірге оқуға шақырып, мерекелік көңіл-күйде тарқасты. Ал алдағы уақытта өткізілетін мәдени іс шараларға әзірден ақ дайындық басталып кетті. Оның барлығы да жоғары деңгейде өтеді деген жоспар бар.