«Созақтың Саясы»…

Драматург, режиссер, ҚР Мәдениет қайраткері Сая Қасымбек биыл 60 жасқа толады. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында «Созақтың Саясы» атты мәдени іс –шара ұйымдастырылатын болады. Осы уақытқа дейін еліміздегі театр сахналарында қаламгердің көптеген туындылары сахналанды. Олардың басым бөлігі тарихи қойылымдар. Заманауи туындылары да жоқ емес.
Сая Қасымбектің мерейтойын бүкіл ел болып тойласақ да артықтық етпес. Түркістан облысы, Созақ ауданында «Созақтың Саясы» атты мәдени шараның ұйымдастырылуы расында керемет шара болғалы тұр. Бұл Сая Қасымбектің Қазақстанның мәдени өміріне қосқан үлесін атап өтудің тамаша мүмкіндігі.
Сая Қасымбек драматург, режиссер және Мәдениет қайраткері ретінде танымал, оның шығармалары әлі күнге дейін еліміздің театр сахналарында белсенді түрде қойылып келеді. Шығармаларының көпшілігі көрермендерге Қазақстанның бай тарихына терең бойлауға мүмкіндік беретін тарихи спектакльдер. Дегенмен, оның тарихи шығармалардан басқа, заманауи тақырыптарды көрсететін және өзекті пікірталас тудыратын заманауи шығармалары да бар.
«Созақтың Саясы» мәдени іс-шарасы көрермендерге Сая Қасымбектің шығармаларын тамашалауға және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне терең бойлаудың тамаша мүмкіндігін білдіреді. Бұл оның елдегі мәдениет пен театрдың дамуына қосқан үлесін талқылап, бағалайтын алаңға да айналуы әбден кәдік.
Сая Қасымбек 1964 жылы 24 қантарда ОҚО Кентау қаласында дүниеге келген. Мектепті Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында аяқтаған. 1982-87 жылдары ҚазХТИ-ды химик-технолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Састөбе цемент зауытында атқарып жүріп, Кентау қаласындағы Қ.А.Иассауи атындағы қазақ-түрік университетіне аға лаборанттықтан жұмысқа оқытушылыққа қабылданды. «Өнер» факультетінде әдіскер болып қызмет ете жүріп, Қазақстанның Халық артисі Р.Сейтметов ашқан «театр режиссері» мамандығы бойынша бітіріп, аталмыш университеттің магистратурасын қызыл дипломмен тәмамдады. «Актер шеберлігі» мамандығына сабақ бере жүріп, алғаш М.Байджиевтің «Жекпе-жек» драмасын сахналаумен шығармашылық жолын бастаған.
Сая Қасымбек қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында 2013-ші жылдың 2-ші қыркүйек айынан бастап әдебиет бөлім бастығы болып қызмет етуде. 3 томдық пьесалар жинағы мен «Иассауи қасыреті» кітаптары жарыққа шыққан. Осы жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетіне театр жайлы 2 көлемді мақала және көптеген республикалық, облыстық баспа беттеріне, «Театр» журналына көптеген мақалалар жариялап үлгерді. Бүгінде Сая Қасымбектің драматургиялық туындылары: Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында, Ақтөбедегі «Алақай» Республикалық қуыршақ театрында, Астана Жастар театрында, Ақтөбе «Екі езу» театрында, Алматыдағы Б.Омаров атындағы театрында, Қарағанды Станиславский атындағы орыс театрында, Петропавл облыстық театрында, Тараз, Жетысай, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбедегі Т.Ахтанов және Орыс драма театрларында, Қостанай жастар театрында, Семейдегі Абайқазақ драма театрында үздіксіз қойылып жатыр. Республика деңгейінде танымал драматург.
26.05.2016 күні Астана Жастар театрында «Лифт» пьесасының премьерасы өтіп, қойылым жайлы республикалық телеарналар мен радиолар, баспа беттерінде жарияланып үлгерді.
Сая Қасымбек сонымен қатар режиссерлық мамандығы бойынша 2014 жылдың 27-28 наурыз күндері Ф.Буляковтың «Бақ іздеген бейбақтар» трагикомедиясын 6 маусым айында Жетысай Қ.Жандарбеков атындағы театрда Б.Срайловтың «Қобдиша» эллегиясын сахналады. «Бақ іздеген бейбақтар» қойылымы 2014 жылдың маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысының Маңғыстау облысында өткен мерекелік күндеріне қатысып, Ақтау қаласының көрермендерінің ыстық ықыласына ие болды. Осы аталған спектакль, 2014 жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласында Қазақстанның халық артисі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына орай өткен ХХ1-ші Республикалық театрлар фестиваліне қатысып — «Актерлық тұтастығы үшін» номинациясын иеленіп қайтты. 2020 жылы DSram.kz 2020 Халықаралық драматургтер байқауында «Ерекше күн» мелодрамасы Бас жүлдені иеленді. 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен он бес жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған акциясына драматургия жанрын енгізіп, санаулы драматургтер қатарында «Жанталас» пьесалар жинағымен таңдалынды. 2021 жылы Семейдегі Абай қазақ драма театрында «Кешір мені..» психологиялық драмасы сахналанды. 2021 жылдың наурыз айында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Наурыз көже Шымқалада» көңілді хикаяты сахналанды. 2021 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов театрында «Жалаңтөс баһадүр» атты драмасы сахналанды. 2022 жылы қазақтың тұңғыш режиссері, театр реформаторы Жұмат Шаниннің туғанына 130 толуына орай С.Қасымбектің «Атжалман ғасыр» атты тарихи қасыреті сахналанды. 2022 жылы Шымкент қалалық Жасөспірімдер театрында «Ақтұмсұқ пен Сары үлпек» атты ертегісі сахналанды. 2022 жылы Қарақалпақ астанасы Нөкістің академиялық драм театрдында «Лифт» драмасы сахналанды. 2021 жылдың Халықаралық Театр сыншылары бірлестігінің шешімімен 2022 жылы «Ең көп қойылған автор» ондығына енді. 2023 жылы «Көк бөрілері» тарихи романы жарыққа шықты. Үш томдық пьесалар жиыны басылып шыққан.
С.Қасымбек екі ұлын жетілдіріп отырған ана, немере тәрбиелеп отырған әже. Қызметтестері арасында беделді. Әлеуметтік желіде белсенді қаламгердің жазбаларын іздеп жүріп оқитындар баршылық. Әсіресе жазушының қара пеші өте танымал. Күнделікті әлеуметтік желіде оқырманмен осы қара пеш арқылы сәлем жолдайтын Сая ханымның жазбалары расында өте қызықты. Шынайы өмірден алынған, күнделікті айналамызда болып жатқан, өзіміз аса мән бермейтін ұсақ түйек дүниелерді әрін келтіріп оқырманына ұсына алуымен құнды.