Өнері өрге жүзген қолөнер шебері

0
116

 

 

 

Бүгінде Түркістан облысында қолөнер шеберлігімен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Қазақтың қолөнерінің дамуына қомақты үлес қосып отырған алтынқолды шеберлер облыс экономикасының ілгерілеуіне де тамшыдай болса да үлес қосуда. Елімізде түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны артып келеді. Сондай жанның бірі, тігінші кентаулық ана Динара Есіркепова. Қыз жасауын тігеді. Өнерін өрге жүздірген шебердің қолынан шыққан дүниелері көздің жауын алады. Бірі бірінен өткен оюлы көрпе, құрақ көрпелердің неше атасын тігеді. Әрі сұраныс та артып келеді. Еліміздің түкпір түкпірінен арнайы тапсырыс беретіндер де баршылық. Одан бөлек, түрлі оюлы, сәнді сәукеле, тойбастар және заманауи көрпе-жастықтарға тапсырыс алады.

Динара Жанғалиқызы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысып, жаңа бизнес идеясын іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге грантын жеңіп алған.

Қаржысына қажетті құралдар мен тігін машинасын алған.

Негізгі мамандығы — бастауыш сынып мұғалімі. Алайда, жанына жақын сала осы тігінішілік болғандықтан, арнайы білім алып, осы кәсіпті ұлғайтуды қолға алған.

Отбасында үлгілі келін, 4 бала, 1 қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана. Бес жылдан бері қолға алған кәсібіне сұраныс та артып келеді. Алдағы уақытта, жанына көмекшілерді көбейтіп, өнім көлемін ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Өнерлі келіншек ұлттық өнерімізді дәріптеп, оның дамуына да үлес қосып келеді.