Әскери-спорттық сайыс өтті

0
129

 

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы Қарнақ ауылындағы URKER мектебінде «Бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің жүлдесі үшін» қалалық білім бөліміне қарасты мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында әскери- спорттық сайыс ұйымдастырылды. Әскери спорттық сайыс яғни, мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларына ардагерлерді еске алудың және олардың ерлігін құрметтеудің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар оқушылардың дене шынықтыру және әскери-спорттық дағдыларын дамытуға өз үлесін қосуда. Байқау сәтті өтті және барлық қатысушылар жағымды эмоциялар мен құнды тәжірибе алды деген үміт басым. Ұйымдастырушыларға осындай бастама мен Қарулы Күштер ардагерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтушылар көп. Мұндай шаралар дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.

Сайыс 3 кезең бойынша өткізілді. Ең алдымен әскери қолданбалы көпсайыс, әскери спорттық эстафета, садақ ату шарттары бойынша оқушылар сынға түсті. Аталмыш спорттық сайысқа жалпы 10 команда қатысты. Жарыстың мақсат оқушылардың әскери- спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыра отырып, ержүрек, батыл, Отан алдындағы борыштарын сезіндіру, елдің қорғаныштары болуға дайындау, патриоттық сенімдерін арттыру, оқушылар арасында достық қарым- қатынас нығайту болатын.

Жарыс нәтижесі бойынша “Úrker” ЖШС мектебі жүлделі I- орын иеленсе, Д. Қонаев атындағы 10 мектеп – 2орын, Қарнақ жалпы орта мектебі мен Ш. Қанайұлы атындағы мектептер 3 орынды өзара бөлісті.

Сондай-ақ, “Úrker” ЖШС мектебі мен Д. Қонаев атындағы №10 мектеп оқушыларына сайыстың облыстық кезеңіне жолдама табысталды.