Спорттық жетістіктер толағай

0
87

 

 

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында жалпы бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Одан бөлек, кентаулық спортшылар түрлі додаларда топ жарып жүр. Кенді қала Кентауда 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 1 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт клубы және 1 мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыратын көркем гимнастика орталығы жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда аталған спорт мекемелерінде спорттың 19 түрінен 5026 балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда. Сондай – ақ, қалада 70 спорт ғимараттары жұмыс жасайды. Атап айтқанда: стадион – 2, спорт кешені – 3, спорт зал – 32, жазықтықты құрылғылар – 32, жүзу бассейні — 1. Аталмыш спорттың барлығына да қызығып айналысушылар қатары артып келеді. Биылғы жылды кентаулық спортшылар жақсы нәтижелермен бастап отыр. Самбо, дзюдо, футболдан жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Ал өткен жылда спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны қала халықының 42,3% пайызын құрап отыр. Былтырғы 12 айында бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында 151 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 19000 адам қамтылды.  Түркістан облысының чемпионаты, ҚР чемпионаты, Облыстық турнирлер, Республикалық турнирлер, Халықаралық турнирлер, Әлем, Азия чемпионаттарынан 244 жеңімпаз болған. Оның 55-і 1 орын, 73-і 2 орын, 116-сы 3 орын иегері атанған. Осы жылы Кентау қаласында 1 мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасауға жоспарланған Кентау эксковатор зауыты аумағында орналасқан жаңа спорт зал кешені және Қарнақ ауылында орналасқан 1 мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жұмыс жасауға жоспарланған спорттық ангар кешені пайдалануға беріліп, жаңа спорттық секциялар ашу жоспарлануда. Онда жаттыққан жас спортшылар еліміздің мерейін асырар үлкен жетістіктерге жетеді деген сенім басым.