Түркістанның туристік әлеуеті «KITF-2024» халықаралық көрмесінде таныстырылды

0
88
Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында «KITF-2024» халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесінде Түркістан өңірінің туристік әлеуеті таныстырылуда.
Көрмеге әлемнің 28 елінен 406 компания қатысуда. Шарада облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы және өңірде орналасқан қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс аймақтары, туристік компания өкілдері өз қызметтері жайлы мәліметтерді ұсынды.
Делегация Түркістанға туристерді тарту бойынша түрлі әуекомпаниялар мен туристік бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Іс-шара аясында «TREND ZONE : тартымды нүктелер» тақырыбымен іскерлік бағдарламасы мен «Алға, Қазақстан!: Туризмді дамыту құралдары» пленарлық отырысы өтіп жатыр. Жиында тәжірибелі спикерлер туризм саласындағы маңызды әрі өзекті мәселелер, трендтер жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Айта кетейік, «KITF» – 2001 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан танымал алаң. Оған Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Грекия, Египет, Италия, Үндістан, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Куба, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Ресей, Румыния, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония секілді туризмі дамыған елдер қызығушылық танытып қатысуда.