Шардаралық оқушылар халықаралық робототехника сайысында жүлдегер атанды

0
76
Түркия елінің Анталия қаласында 20-21 сәуір күндері аралығында «Robotex Turkiye 2024» халықаралық сайысы өтті. Азия құрлығының түкпір-түкпірінен 34 команда қатысып, үздіктер анықталған. Робототехника сайысында шардаралық команда да үздіктер қатарынан табылды.
Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары өздері ұсынған жобалары арқасында «Lego Sumo» категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Мектептің информатика пәні мұғалімі Маржан Саудабаеваның жетекшілігімен робот құрастыруға қызығушылығы артқан оқушылар Испанияда өтетін халықаралық білім сайысына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, «Robotex Turkiye» – мыңдаған инженерлерді, менеджерлерді, студенттерді және оқушыларды біріктіретін ең ірі робототехника фестивалі.