Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуірде Астана уақыты бойынша 07:44-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8,7. MPV магнитудасы — 4,0», — делінген хабарламада.