Синоптиктер ескерту жасады

0
83

«2024 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.  Метеорологияның қолайсыз жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.