Төлебилік жастар «Ардагерлер үйі» аумағында сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында төлебилік жастар Леңгір қаласындағы «Ардагерлер үйі» мекемесінің аумағында тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жастар «Ардагерлер үйінің» ауласын ғана емес, саябақ маңын, Леңгір қаласындағы соғыс ардагерлеріне берілген азаматтардың жеке үй жайларын күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш-гүл көшеттерін егіп, оларды суғарды.