ӘКІМ ОРАНБАСАРЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ БОЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш, Мақтарал аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады. Жұмыс сапарының барысында ол сол аудандар аумағындағы жазғы демалыс лагерлеріне арнайы барып балалардың қалай демалып жатқан жағдайларымен де танысты.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарының іссапары Сарыағаштағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жалғасты. Сауықтыру лагері биыл 7 ауысымда 2100 оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Алғашқы ауысымның балалары демалып қайтып, келесі ауысымға келген балалар асыр салып демалуда. Лагерде негізінен әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалар демалатын болады. Лагер экологиялық таза аймақта орналасқан. Тазалық талаптарына сай. Материалдық-техникалық базасы да жаңартылған. Жаз бойы мамандандырылған күзет, учаскелік полиция қызметкерлері қауіпсіздігін бақылайды.
Облыс әкімінің орынбасары балалардың болашағын ойлап, жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта мониторинг жұмыстарының күшейетінін жеткізді.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты «Толағай» лагеріне барды. Жазғы сауықтыру лагері биылғы 3 маусымда жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда ауысымдағы 200 оқушы демалуда. Жалпы жаз айларында 1660 бала демалады деп жоспарланған. Бес мезгіл тамақ беріледі. Қолөнер, сурет салу, футбол алаңы, шахмат, дойбы сынды үйірмелер мен бассейн бар. Сонымен қатар салқындатқыш кондиционерлер мен бейнебақылау камералары орнатылған.