ШҰБАТ ҰНТАҒЫН ӨНДІРУ –ТАБЫС КӨЗІ

Ауыл шаруашылығының дамуына қарқын қосу арқылы экономикамыздың қарқыныны қарқын қосуды мақсат еткендер мемлекеттің қолдауы арқылы өз шаруаларын дамытып келеді. Сондай кәсіпорынның бірі — Түркістан индустриалды аймағында орналасқан. Орталық Азияда теңдесі жоқ түйе шұбатын ұнтақ түрінде шығаратын жоба 2018 жылы өз жұмысын бастаған еді. Ірі өңдеу кешені соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталғандықтан бәрі де автоматты түрде жұмыс жасайды.
Түркістанда шұбат ұнтақ түрінде өндіріліп жатыр. Бұл кәсіпорында күніне 10-15 тонна түйе сүті өңделіп, 1 тонна ұнтақ жасалады. Ал негізінде өндірістік нысанның әлеуеті тәулігіне ұлттық сусынның 100 тоннасын қабылдауға қауһарлы.
Зауыт іске қосылғаннан бері қазірге дейін 200 тоннадан астам құрғақ ұнтақ өнімін өндіріп шығарды. Кептірілген түйе сүті ұнтағы Қытай, Макао және Гонконгқа экспортталуда. Қазіргі таңда зауыт түйе сүтінен 3 түрлі өнім шығарады. Оның біріншісі – майсыздандырылмаған түйе сүті ұнтағы. Екіншісі – аз мөлшерде майсыздандырылған түйе сүті ұнтағы. Үшіншісі – майлы түйе сүті ұнтағы.
300 граммдық құтыдағы ұнтақтан 3,5 литр шұбат шығады. Зауыт дайын өнімді енді Ресей мен Еуропаға да экспорттауды жоспарлап отыр. Бүгінде өңірдегі Ойсылқара тұқымының саны 50 мыңға жуықтаған. Оның жартысына жуығы сауылады. Биыл облыстағы түйе сүтін қабылдайтын 5 бекет және 3 қайта өңдеу цехынан 800 тоннаға жуық шұбат өндірілген. Оның басым бөлігін осы зауыт сатып алған.
Өздерінің сүт жинайтын пункттерін қойып, қазір түйе сүтін 800-1000 теңгеден қабылдап жатыр. 2023 жылы мал шаруашылығын субсидиялау, оның ішінде түйе сүтінің құнын арзандату мақсатында 309 млн теңге қаралып, 30 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге мемлекеттік қолдау көрсетілген
Мамандар өңірде соңғы кезде түйе шаруашылығына қызығушылықтың артқанын айтады. Мәселен, былтыр «Ауыл аманаты» жобасы аясында 23 жоба қаржыландырылып, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарынан түйе алынған.