ЕЛДІМЕКЕНДЕР ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

0
77

Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар ауылдардың заманауи дамуына, инфрақұрылымдарының сапасы жақсартуға және басқа да өңірдің дамуына септігін тигізетін мәселелерді шешуе көмектесуде. Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын тауып, биылғы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады.
Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен, «Дан-Строй-Проект» ЖШС техникалық қадағалауындағы «EL-KZ 2020» ЖШС, «Тумар-СтройПроект» ЖШС мердігер мекемелер тарапынан атқарылады.
Сондай-ақ, ауданның Көлкент ауылдық округі, Молыбай Оразалиев және Қосбұлақ ауылдары, Жаңақұрылыс аумақтарындағы тұрғындарды газбен және электрмен жабдықтау жұмыстары да жүзеге асырылуда. Аталмыш ауылдардағы газ және электр, сондай-ақ, ауыз су жүйелерінің құрылысы 2023 жылы желтоқсан айында басталған жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Молыбай Оразалиев ауылында 81 және Қосбұлақ ауылында 140 абонент инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, Молыбай Оразалиев ауылында көшелерге тас төсеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Сайрам ауданы, Әйтеке би ауылында орналасқан 80 пәтерлік арендалық тұрғын үйдің құрылысы да салынуда. Аталған нысанның жобасын «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы жеке инвестор А.Абдусаламов жүзеге асырған болатын. Бүгінде жалпы 2-қабатты 3 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жеке инвестордың өзі ұсынған эскиздік жобаға сәйкес басталған. Қазіргі таңда «W-build» ЖШС мердігер мекеме тарапынан тұрғын үйлердің жер қазу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша аудан бойынша инфрақұрылымдармен ауылдарды қамтамасыз ету бағытында бірқатар көлемді жұмыстар атқарылып жатыр. Ол жұмыстардың белгіленген мерзімде жұртшылыққа пайдалануға берілуі аудан тұрғындарының жайлы өмір сүру деңгейін көтеріп, сапалы инфрақұрылымдар өмір сапасын жайлы да жақсарта түсері анық.