АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН БАҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде, «Жастардың білімге барынша ден қоюы — Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды фактор болып табылады. Өйткені, бүгінгі заман білімділер мен біліктілердің заманы» деп айтып өткен болатын. Олай болса оқушылардың дұрыс білім алып өсуі, болашақта ғылымды дамытуы қазіргі мектептеріміздің жағдайына да тікелей байланысты екені сөзсіз.
Бұл бағытта жұмысты жандандыру, Қазығұрт ауданындағы құрылысы жүріп жатқан мектептердің материалдық жағдайын тексеріп, құрылыс сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Қызылқия және Сарапхана ауыл округтеріне арнайы іссапармен барды.
Іссапары барысында мектеп ғимаратының сыртын арнайы материалмен қаптау, бояуларын ретке келтіру, ішкі әжетханаларының құрылысы және басқа да ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Сондай-ақ, мектепте құрылысын жүргізуші мердігер мекеме басшылары және жауапты мамандармен кездесіп, жақсы жасалған істеріне оң баға беріп, кейбір кемшілікті тұстарын айтып, қосымша тапсырмаларын берді. Балалар үшін қолдан келгенше жағдай жасау біздің міндетіміз екенін ескертіп, құрылысты сапалы әрі уақытылы жүргізуді талап етті.
Мемлекеттің іргетасы мықты, болашағы жарқын болуы үшін білім саласымен бірге денсаулық сақтау саласының маңызы да үлкен. Өйткені, мемлекеттің бірінші байлығы — адамдарының денсаулығы мықты болуы, оның экономикасының жоғары болуына басты ықпал етуші фактор. Денсаулық сақтау саласы адам өміріне ең қажетті аса маңызды саланың бірі екені баршаға мәлім. Қазіргі таңда республикамыз бойынша денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп, медициналық нысандарды көбейту, материалдық жағдайын жақсарту, жақсы мамандар оқыту бағыттары бойынша ауқымды істер атқарылуда.
Дәл осы денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні Қазығұрт ауданында 5 нысан салынып жатыр. Оның ішінде 1 медициналық пунк, 1 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пунк бар. Сондай-ақ, бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жасалуда.
Бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын көріп, сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Сарапхана және Жаңабазар ауыл округтеріне арнайы іссапармен барды. Жұмыс сапары барысында Қазығұрт ауыл округі Ащыбұлақ елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысын, Сарапхана ауыл округінің Майлыошақ елді мекенінде орналасқан медициналық пункт пен Махамбет елді мекенінде орналасқан ФАП құрылысын, Жаңабазар ауыл округінің орталық ауруханасын ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді.
Аудан басшысы Азизхан Азимханұлы әрбір нысан басында құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, халықтың және өзінің ұсыныстарын жеткізді. Ең бастысы, салынып жатқан және жөндеу жқмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарында сапаға ерекше көңіл бөлінуі және құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталуына қол жеткізу мердігерлердің басты міндеті.