КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ БОЛУЫ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ

0
85

Мемлекет басшысы атқарушы органдардың, мемлекеттік саладағы қызметшілердің басты мақсаты қазақстандықтардың әлеуметтік-жағдайын жақсарту, әл-ауқатын көтеру, жайлы өмір сүруіне мүмкіндіктер жасау екенін айтқан болатын. Ол үшін атқарушы билік өз аумағының тұрғындарымен жиі кездеіп, азаматтарға атқарушы органдарда сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді жолға қойып, арнайы кестеге сай тұрғындарды өтініш-ұсыныстары, арыз-тілегімен жеке қабылдап отыру арқылы олардың көтерген мәселелерін заңдылық тұрңысынан шешуді қарастыруы қажет. Түркістан облысында халықпен тығыз байланыста, өзара сенімділік жағдайында жұмыс істеуге әрдайым тиісті дәрежеде көңіл бөлініп отырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және ақпараттандыру,мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев және Созақ аудандық “Демеу” мүгедектер қоғамық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Б.Смахова Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мемлекеттік көрсетілетін кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді. Бақылау барысында бөлім тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігімен анық ақпараттың болуы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың болуы т.б. мәселелері қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың бір жолы ретінде жергілікті әкімдіктерде азаматтарды жеке қабылдау арқылы олардың мәселелерін шешу де қарастырылған. Осының негізінде Төлеби және Ордабасы аудандарының басшылығы өз аудандарының тұрғындарынмен жеке қабылдаулар өткізді.
Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келгендер негізінен ауыз су, жол, тұрғын үй мәселелерін көтерді. Абай елді мекенінің тұрғыны С.Ибраев ауылдағы ауыз су мәселесін айтса, Керегетас елді мекенінің тұрғыны Д.Алханов ауыз су, жол, түнгі жарық, мәселелерін жеткізді. Аққұм ауылының тұрғыны Г.Жумалиева көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтінді. Сондай-ақ Алғабас елдім мекенінің тұрғыны Қ.Бекболатова қоғамдық көлікте тегін жүру бойынша кеңес сұрады. Ленгір қаласының тұрғыны Т.Дүйсенғалиева тұрғын үй кезегі жөнінде сауалын жолдады. Қабылдау барысында Сержан Дауылбайұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, сала басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Сондай-ақ, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев та азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданның 5 азаматы өтініштерін білдіріп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауға келгендер асфальт жол төсеу, тұрғын үй салуға жер телімін сұрау, еңбек пәні бойынша жұмысқа орналасу, тұрғын үй және жасанды жол кедергілерін орнату мәселелерімен жүгінді.
Қабылдауға келген әр азаматты тыңдаған аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы айтылған өтініштердің барлығына заң талаптарына сай нақты, толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді.