Шаға ауылдық округі

0
64

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Аталған ауылдық округте орналасқан «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамының зауытында тұрақты жұмыс істейтін 100 адам әскери шатыр өндірісімен айналысады. Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған.
Ал, Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығының жылыжайында жыл онекіай түрлі үй және көше өсімдіктері өсіріледі. Олардың қатарында раушан, лотос, шырайгүл, шырша, жеміс ағаштары бар. Жайқалған гүлдерге сұраныс көп. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі де қолға алынған. Кәсіпкер Дильназ Омарова гүлді суаруда заманауи технологияларды қолданып келеді. Қазіргі таңда жылыжайда ауыл тұрғындары жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер дайындайды.
Сондай-ақ, Шорнақ ауылдық округіндегі «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорнында жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы жиһаздарға сұраныс жоғары. Жиһаз өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған.