МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ДАМУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

0
56

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты мемлекеттің кешенді дамуын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын бағдарлама. Өйткені, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сапалы инфрақұрылымдарының болуы аймақтардың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын ғана дамытып қоймай, мәдени-рухани, спорт пен білім, денсаулық пен басқа да салаларын кешенді дамыту арқылы бәсекеге қабілеті, іргетасы берік мемлекетті қалпытасрытуға жеткізеді. Сондықтан да, Түркістан облысында барлық салалардағы жоспарлы жұмыстар облыс әкімдігінің назарынан тыс қалмайды.
Түркістан өңірінде соңғы кездері мәдениет, спорт салаларына көңіл бөлініп келеді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Кеше ғана жұмыс сапарымен Кентауға барған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қала әкімі Жандос Тасовпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Жұмыс сапары Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінен басталды. Аталған мәдениет ошағы типтік ғимаратта орналасқан. Көрермен залындағы орын саны – 525. Кіші залда – 200 орын. 2013-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәдениет сарайына қарасты 4 ауыл клубы және 1 шығармашылық үйі қызмет атқарады. Жалпы мәдениет сарайы мен ауыл клубтарында 21 үйірме жұмыс атқарып келеді. Облыс әкімінің орынбасары мәдениет саласында атқарылып жатқан істермен танысқан соң жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды. Содан соң облыс әкімінің орынбасары Жастар ресурстық орталығына барды. 2011 жылы жылы қолданысқа берілген орталықта 19 адам қызмет етуде. Үлкен акт залынан бөлек, 7 кабинет бар. Жастар мемлекеттік бағдараламалар туралы арнайы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады. Түрлі спорт түрлері де қарастырылған.
Кентау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделуде. Жаңа спорт нысаны заманауи әрі ыңғайлы болуы керектігін облыс әкімінің орынбасары арнайы атап өтті. Қала әкімдігі мен жауапты басқармаға жұмыс барысын бақылауды тапсырды. Бұдан бөлек қаладағы бокс мектебі мен Б.Саттарханов атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Бүгінгі таңда екі мектепке құрылыс жұмыстарына ұсыныс жасалынып, балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануы үшін тиісті жұмыстар жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, бұл бағыттағы тиісті ақпараттарды дер кезінде жолдап отыру қажеттігін айтты.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Кентау қалалық орталық мешіт жанынан жаңадан салынып жатқан медресенің құрылысымен танысты. 4500 шаршы метрді құрайтын алаңға жатақхана, оқу ғимараты, спорт кешені, асхана ғимараттары салынады. Демеушілер есебінен салынып жатқан жатақхана 120 адамға есептелген. 2023 жылы басталған құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ата заңымыз бойынша адамдардың наным-сеніміне еркіндік бар. Бірақ, елімізде мемлекет пен дін бір-бірінен бөлек болғандықтан да ел басшылығы қоғамның қауіпсіздігін, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау үшін дәстүрлі діндердің ел аумағында жұмыс жасауына заңмен рұқсат бергенімен, бұра тартушы, теріс бағыттағы секталар мен әсіре діни бірлестіктердің ел ішін бүлдірмейін де қадағалап отырады. Салынып жатқан медресе аталарымыздың дәстүрлі ислам дінінін ұстануды насихаттайтын мамандарды дайындап шығаратын болады.
Қазіргі таңда Кентау қаласының аумағын және оған іргелес елді мекендерді экологиялық дағдарысқа дейінгі жағдай аймағына жатқызу мақсатында 2 бағытта жұмыс жүргізілуде. Ертай Кенжебекұлы қаладағы 900 гектарды құрайтын төтенше жағдайдағы қауіпті аймақты көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аталған аумақта тұрғын үй, су қабылдау сорғы станциясы және 10 өндірістік база бар. Алдағы уақытта бұл аумақтан объектілерді шығаруға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қаралатын болады, деді.