ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0
63

Мемлекет басшысы өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің маңыздылығын өңірлердің қуаттылығы Ел дамуының кепілі екендігін үнемі айтып келеді. Мемлекеттің жан-жақты дамып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуы үшін әр өңірде жұмысты жандандырып, барлық салаларда ізденіс пен жаңашылдық, белсенділік таныту, ең бастысы әрбір іске жауапкершілікпен қарап, мүлтіксіз орындалуын ұйымдастыру өңірлердің қалыпты ырғақпен дамуын қамтамасыз ететін болады.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың жұмыс жоспарына сай әкімдік жиыны өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары, білім бөлімі мамандары мен барша мектеп директорлары қатысты. Аталған жиынның күн тәртібіне өзекті бес мәселе қойылды:
1. 2024-2025 жылдарға арналған жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы;
2. Аудандағы мекемелердің 2024-2025 жылдардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы.
3. «Таза Қазақстан» іс-шарасының аудан көлемінде ұйымдастырылу барысы туралы;
4. Аудандық мекемелердегі ақпараттық қауіпсіздік саласының талаптарын сақтауы туралы;
5. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы 7 айдың қорытындысымен нақты орындалуы және 8 айдың болжамды орындалуы туралы (меморандум).
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары баяндамаларын жасады. Ал атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер барысы бойынша ұйымдастыру бөлімшесінің инспекторлары қосымша баяндамалар жасап, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі әр мәселеге аудан әкімі Азизхан Исмаилов жеке-жеке сын-ескертпелерін айтып, орындалу мерзімін хаттамаға жазып қоюды тапсырды. Атқарылар істің баршасы ел үшін екенін ескертіп, баршаға әкімдік барысында айтылған сын-ескертпелер уақытылы орындалмаса, әркім өзіне жүктелген қызметтік міндетін дұрыс орындамаса тиісті жаза қолданылатынын басып айтты.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, соңынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әкімдік қаулысы қабылданды.
«Халық үніне құлақ асатын үкімет» ретінде жергілікті атқарушы органдар өз аумағындағы тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, жиі кездесіп, халық алдына шығып атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, одан бөлек тұрғындарды жеке қабылдау арқылы олардың өтініш-тілектерін, талап-арыздарын, ұсыныстарын тыңдап, олардың да заң аясында орындалуын қамтамасыз етуі билік пен халық арасындағы түсіністікті қамтамасыз етеді. Сонда мемлекеттік қауіпсіздік пен елдің ынтымағы артады.
Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт, Жаңабазар, Тұрбат және Қ.Әбдалиев ауыл округтерінен келген бірнеше тұрғынмен жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар ауыз су мәселесі, инфрақұрылым жүргізу мәселелері, кәсіпкерлікті қолдау, табиғи газ кіргізу, әлеуметтік көмек сұрау мәселелері төңірегінде сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтар мен өтініштерді тыңдап, нақты дәлелдермен заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім басшысы мен ауыл округі әкіміне өтініштердің шешімін табуды тапсырды.