ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМГЕ ҚАСЫМ, ЖОМАРТ, КЕМЕЛ ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының жер көлемі әлемде тоғызыншы орында болғанымен түрлі нәубеттерден қырылып, жер ауып кеткен халықтың саны аз. Сондықтан да Мемлекет басшысы еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту бағытында мемлекеттік бағдарлама қабылдануына түрткі болды. Қиын экономикалық, геосаяси ахуалдарға қарамастан шығандап кеткен қандастарымызды жоспарлы түрде туған топыраққа көшіріп әкеліп, қоныстандыру саясатын да жүргізіп келеді. Бала туу көрсеткішініңс төмендеп кетпеуі үшін, бала туатын жастағы әйелдерге бірқатар жеңілдіктер жасалып, әр туған сәби үшін төленетін төлемнің де көлемін көтеруде.
Түркістан облысының тұрғындары қазақы дәстүрді сақтап, ұлттық ғұрыптарды ұстанатындықтан мемлекеттің арнайы қолдауларын күтпестен бала туу үрдісін төмендеткен емес. Соіңы жылдары облыс аумағында егіз және үшем босанған аналардың қатары да көбейіп келеді. Жалпы, еліміз бойынша туылып жатқан сәбилердің төрттен бірі Түркістан облысының аймағында дүниеге келуде.
Күні кеше Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.
Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.
– Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық, – деді үшемнің анасы.
Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді.