ҒАЛЫМДАР БАСҚОСУЫНДА ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

0
54

Елімізде мемлекеттік ұлттық идеологияны насихаттау, халықтың рухани-әдеби деңгейін көтеру, отаншылдықты қалыптастырып, халықтың кітап оқуға құштарлығын арттыруда Түркістан облысында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді.
Сондай іс-шараның аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті.
Жиынға тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, филология ғылымдарының докторы, профессор – Сейдулла Садықов, тарих ғылымдарының кандидаты – Баян Адырбек, композитор, профессор – Бекжігіт Сердәлі, доцент, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Гүлсара Тоққұлова, ұлағатты ұстаз зейнеткер – Несіпкүл Өтебаева, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі – Ақтөре Қайрат және кітапхана директоры Жанат Шардарбекова, ұстаздар, оқырмандар және кітапханашылар қатысты. Сонымен қатар, облыс аумағындағы аудандық кітапхана директорлары да жиынға онлайн түрде қатысты.
Ғалымдар тарапынан бірқатар қолдау мен ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің ұлттық кітапханаларына зиялы қауым өкілдері және кітапханашыларының қатысуымен әдеби сапар өткізіп, еліміздің әдеби-мәдени тынысын таныстыруды қолға алу, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан елдеріне қазақ мәдениетін насихаттап, рухани байланыс орнату сынды ұсыныстар талқыланды.
Кентау қаласының тумасы, ақын Қуандық Мырзақасымовтың «Жүректегі жазулар» атты кітабы оқырманға жол тартып, қазақтың кітап қоржыны тағы бір жыр жинақпен толықты.. Жаңа туындының тұсау кесу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.
– «Жақсының аты өлмейді» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қуандық көкеміз оңтүстік өңірде туылып, осы өлкенің өркендеіне өлшеусіз үлес қосқан азамат. Бұл кітап жастарға, өскелең ұрпаққа өнеге деп сенемін. Өйткені ол кісінің қалдырған еңбегі ұмыт қалмай, жарық көріп жатқанының өзі бір ғанибет деуге болады, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Жинаққа ақынның өлеңдері, қаламдастары мен туған-туыстарының естеліктері енген. Аталған кітап алдағы уақытта өңірдің ақындарын зерттеу жұмысымен айналысатын жас ғалымдарға, өлкетану, филология және әдебиеттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге, жас ақындар мен қалың оқырманға арналған.
Қазақстандық мәдениет пен өнерді насихаттауға арналған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тамашалады.
Этноауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, ақ кимешек киген әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады.
«Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблі күйден шашу шашып, «Яссы» би ансамблінің концерті көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, «Түркістан мұрасы» атты қылқалам, қолөнер шеберлері мен бұйымдары, суретшілердің туындылары мен қаланың жетістіктері туралы көрмелері қойылды.
Бұдан бөлек, «Көненің көзі әжелер» дизайнерлік өнер сырмақ, түскиіз, ұршық иіру, тоқыма тоқу мен құрақ құраудан шеберліктерін көрсетсе, этно-мәдени ұлттық орталықтар оның ішінде (өзбек, түрік) этностарының көрмесі қойылды.
Шара аясында айтыскер ақындар арнауларын орындап, айтыстың үлгісін көрсетсе, Ұмыт болып бара жатқан «Танабау тағу», «Бала бауырынан табақ жүргізу», «Керегеге орамал байлау», «Келінге кимешек-шылауыш кигізу», «Тоқымқағар» салт-рәсімдері сомдалды.
Өнер фестивалінің екінші күні «Түркістан халық театры» дайындаған көше театрының стилінде «Саф алтын арыстар» тақырыбында көрініс-қойылымы ұсынылып, ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Фестиваль кешкілік қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертпен қортындыланды.