КӘСІБИ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА МҮМКІНДІК МОЛАЮДА -1

0
50

Қай мемлекеттің болсын болашағы дені сау азаматтары мен шыныққан шымыр жас ұрпағының болуына байланысты. Сондықтан да Қазақстан Республикасында да адамдардың, жас ұрпақтың бұқаралық спортпен айналысуына, кәсіби спортпен шұғылдануына жағдай жасауды мұрат етеді. Оның ішінде халқының саны көп Түркістан облысында бұл салада атқарылып жатқан игі істер көп. Облыс жеткіншектерінің денсаулығы мықты болып өсуі үшін облыс орталығында ғана емес қалалар мен аудандарда да көптеген спорттық, денешынықтыру нысандары салынып, жаңаларының құрылыстары жүргізілуде.
Түркістанда жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Олардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Облыс әкімі облыс орталығында салынып жатқан «TURAN» футбол академиясының ғимаратын аралап көрді. Жақында ашылатын ФК академиясына қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жаңа кешеннің көгалдандыруына назар аударуды ескертті.
Футбол академиясында еліміздің негізгі құрамасына болашақ ізбасарлар тәрбиеленеді. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалады. Бұл – балалар футболын дамытып, жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік.

Облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан бұл жоба биыл ашылады. 20 гектар жерде орналасқан кешенде ойын алаңынан бөлек 300 орындық жатақхана және оңалту залы болады. Жобаға 4 млрд теңге бағытталып отыр. Ел чемпионатында Түркістан облысының атынан бақ сынайтын «Тұран» футбол клубы академиясының үлкен және шағын футбол алаңдары болады.

(жалғасы бар)