КӘСІБИ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА МҮМКІНДІК МОЛАЮДА -2

0
55

Сондай-ақ нысанда мейрамхана, мәжіліс залдары, спортшыларға арналған сауықтыру және медициналық, массаж кабинеттері мен жеке блоктар бар.
Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.
Осы күні облыс басшысы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігерлермен кездесті. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кешеннің ішкі дизайны бойынша тапсырмалар жүктеді. Ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС жауапты. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Спорт кешенінің жалпы алаңы – 1,8 гектар. Сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын нысанның аумағы – 7 248,0 шаршы метр. Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде орналасқан кешен жертөлені қосқанда, 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, күту залы, қонақтарды күту бөлмесі, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар. Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебі осы ғимаратқа жайғаспақ. Жалпы, спорт кешенінде 76 жаттықтырушы жұмыс істейді. Мұнда спорттың 18 түрімен 1000-ға жуық бала тыңғылықты түрде шұғылдана алады. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасалады.Түркістан облысында 4600-ден астам спорт ғимараттары бар. Облыс орталығында жаңа халықаралық теннис орталығы, «Түркістан арена» стадионы, Мұз сарайы салынды. Оларда түрлі спорттық шаралар өткізіліп, спорттың алуан түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер жасалынған.