СЕССИЯ МЕН ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ -2

0
51

Ал,аудан аумағындағы тағы бір назардан тыс қалдырылмайтын мәселе мүгедектігі бар азаматтарды қоғамда өздерін басқалармен тең санауына, қоғаммен кірігіп кетуіне көмектесу үшін әлеуметтік жағынан қорғап, инфрақұрылымдардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы жағдайларды қалыптастыру қажет. Бұл мәселе де аудандық әкімдіктің назарында.
Таяуда Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан және оған қарасты ауылдық округтерде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымының бейімделуі жөніндегі тұрақты жұмысшы тобының отырысы өтті. Жиынға тұрақты жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлімдер қатысты.
Жиналыстың күн тәртібінде «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының 26 тармағы бойынша бекітілген нысандардың қазіргі таңда орындалуы, Сауран ауданы прокурорының 2023 жылғы 29 мамырдағы ұсынымындағы кемшіліктерді жою, мүгедектігі бар адамдардың сайлау учаскелеріне кіріп-шығуына қолайлы орта қалыптастырып, қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасады. Бұдан бөлек, 2024 жылға мүгедектігі бар адамдарға бекітілген жұмыс орындары квотасының орындалуы бойынша «Мансап» орталығының маманы Роман Шерментаев хабарлап өтті.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі айтылған кемшіліктер бойынша ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына орын алған кемшіліктерді тез арада жою жөнінде нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.