ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА -1

0
79

Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыруда мектепке дейінгі мекемелерден бастап, жеткіншектердің кәмелет жасына толғанынша білім беру, тәрбиелеу, шымыр болып шынығып өсуіне барлық жағдай жасалады. Сонымен бірге рухани мықтылығы мен отаншыл болып өсуін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар жасөспірімдер Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда да жалғасады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуына орай, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, жастарды Отан қорғауға дайындау мақсатында, «Шардара шекара бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы Орталық стадионда 18-тамыз «Шекарашылар күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Мерекелік шараның ашылу салтанатында мемлекеттік Әнұран орындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар әскери саладағы азаматтарға аудан әкімі А.Қарсыбаевтың атынан Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ, құттықтау сөз кезегін Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушы ардагерлердің төрағасы Қосаев Дәндібай Өсерханұлы, Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесшісі, отставкадағы майор Сәтбаев Қылыш және Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары полковник Байтұров Жандос Тоқтасынұлы мерекемен әскери сала қызметкерлерін құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттап, №16 кәсіптік колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Халық Қаһарманы Еңбек және соғыс ардагері Қалмырза Мәулен Реметұлы атындағы «Жас шекарашы» әскери патриоттық клубының Туы табыс етілді. Аудандық мәдениет сарайы өнерпаздары мен әскери салада жүрген қызметшілер патриоттық тақырыпта әннен шашу шашты.

(жалғасы бар)