ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА -2

Айтулы мерекеге орай, Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының Шардара шекара бөлімінің әскери сарбаздары мемлекеттік шекара қорғаудағы әскери оқу-жаттығу түрлерінен көріністер қойды.
Спорт күні мерекесіне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев жас спортшыларды қабылдап, кәсіби мейрамдарымен құттықтады.
«Құрметті спортшылар сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, Шардара ауданы спорт саласы бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бұл сіздер мен жаттықтырушылардың ерен еңбегі деп білемін. Мұнан кейін де, осы қарқыннан таймаңыздар. Ендігі мақсат Шардара ауданынан Олимпиада шыңын бағындыратын спортшыларды шығару. Осы жолда ауданымыздан аянбай тер төгіп, еліміздің абыройын асқақтататын тұлғалар шығатынына сенім білдіремін» — деді Арман Романұлы.
Сондай-ақ, әр спортшыға құрмет көрсетіп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды.
2024 жыл тамыз айының 18-25 күндері аралығында Молдова елінде армрестлингтен жасөспірімдер мен ересектер арасында 45-ші Әлем чемпионаты өтуде.
Байрақты бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 47 “Шардара Армспорт” клубының спортшылары ел намсынын қорғауға аттанды. Олар бүгінде ел намысы үшін әлемдік додада білек сыбана күш сынасуда. Шардаралық армрестлингші спортшылар талай жылдардан бері әлемдік, халықаралық, жарыстарда білектерінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Бұл спорт түрінің дамығаны сонша еліміздегі армрестлингшілер ордасына айналды. Сондықтан да өтіп жатқан әлем біріншілігінен де шардаралықтар жеңімпаз болуып оралады деп үміттенеміз.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдаров Еркебұлан ардагер спортшыларына аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды.